Жануарларды уақытша ұстау пункттеріне қатысты қағидалар өзгерді

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Экология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2026 жылғы 28 тамыздағы бұйрығымен жануарларды панажайларда, жануарлармен тікелей байланыс жасауға арналған хайуанаттар бақтарында және жылжымалы хайуанаттар көрмелерінде ұстау қағидаларына өзгерістер енгізілді.

Атап айтқанда, құжатта жануарларды уақытша ұстау пункті ұғымы нақтыланды.

Жануарларды уақытша ұстау пункті – табылған, ауланған қараусыз және қаңғыбас жануарларды, сондай-ақ иелері немесе жауапты тұлғалар асыраудан бас тартуына байланысты тапсырған үй жануарларын уақытша ұстауға арнайы арналған және жабдықталған мүліктік кешен.

Мұндай пункттерде Қазақстан азаматтарынан, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардан алып қойылған немесе тәркіленген жануарлар да уақытша ұсталады.

Бұйрық 2026 жылғы 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.

Бұған дейін жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандырудың үлгілік қағидаларына өзгерістер енгізілгені хабарланған еді. Құжатта қандай жануарлардың және қандай жағдайларда ауланатыны әрі жансыздандырылатыны нақтыланған.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада қар жауып, түнде −5°C-қа дейін суытады: Алматы мен Шымкентте ауа райы қандай болады

20 қазан: Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы

Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын қашан жариялайтынын айтты

Қазақстанның бес облысында -3 градусқа дейін аяз болады

Threads арқылы концерт билеттерін сатқан: астаналық жігіт алаяқтық жасады деген күдікке ілінді