Астана, Алматы және тағы төрт қаланың тұрғындарына ескерту жасалды

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Бүгін Астана, Алматы және еліміздің тағы төрт қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады. Осыған байланысты тұрғындарға көшеде жүру уақытын қысқарту ұсынылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында жарияланды.

"2026 жылғы 3 қыркүйекте Орал, Ақтөбе, Астана және Алматы қалаларында, ал түнде Атырау мен Өскеменде қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі", – делінген синоптиктердің ескертуінде.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның жерге жақын қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді ауа райы факторларының жиынтығы. Оларға желсіз немесе желдің баяу соғуы, тұман және температуралық инверсия жатады.

Мұндай жағдайда тұрғындарға, әсіресе автожолдар мен ауаны ластайтын басқа да нысандардың маңында ашық ауада ұзақ жүрмеу ұсынылады. Ал өкпенің созылмалы, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдар далаға шыққанда қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүргені жөн.

Бұған дейін, 2 қыркүйекте Орал, Ақтөбе, Атырау және Астана қалаларының тұрғындарына қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы ескерту жасалған еді.

Қазақстан
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген қарындасының 25 жасқа толуына орай ерекше сыйлық жасады

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды

Атақты шорт-трекші Абзал Әжіғалиев спорттағы мансабын аяқтады

Алматыда жеке үйдің дәретханасынан ер адамның денесі табылды

Ел азаматтары қыркүйекте қанша күн демалады