Қазақстанда жаңа мемлекеттік орган құрылды

Фото: Zakon.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 29 тамызда "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган ретінде құрылсын, – делінген құжатта.

Осыған байланысты Қазақстан Президентінің кейбір актілеріне тиісті өзгерістер енгізіледі.

Атап айтқанда, ҚР Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың тізбесіндегі "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі" деген жолдан кейін "Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты" деген жол қосылды.

Сондай-ақ саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізіліміндегі "Саяси мемлекеттік лауазымдар" тарауына өзгеріс енгізілді.

Құжатта мынадай тармақтар жаңа редакцияда жазылды:

Қауіпсіздік Кеңесінің құрамын Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы басқарады.

Қазақстан Республикасының Вице-Президенті, Қазақстан Республикасы Құрылтайының Төрағасы, Қазақстан Республикасының Премьер-министрі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасының Бас прокуроры, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі, Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі және Төтенше жағдайлар министрі лауазымы бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері болып табылады.

Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасына тікелей бағынады.

Қауіпсіздік Кеңесінің қызметін ақпараттық-талдамалық және ұйымдастырушылық тұрғыдан қамтамасыз етуді оның жұмыс органы саналатын Аппарат жүзеге асырады.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген қарындасының 25 жасқа толуына орай ерекше сыйлық жасады

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды

Алматыда жеке үйдің дәретханасынан ер адамның денесі табылды

Атақты шорт-трекші Абзал Әжіғалиев спорттағы мансабын аяқтады

Қазақстанда алғаш рет Қазақ тазысы мен төбеті күні аталып өтіп жатыр