Ерсайын Нағаспаев Өнеркәсіп және құрылыс министрі болып тағайындалды

Сурет: gov.kz
Ерсайын Нағаспаев Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметін жалғастырады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылғы 3 қыркүйекте Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерсайын Қайырғазыұлы Нағаспаев Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына тағайындалды", – деп жазылған ресми ақпартта.

Ерсайын Нағаспаев 1980 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 2001 жылы Теміртау қаласы әкімі аппаратының жетекші маманы қызметінен бастады.

2002-2003 жылдары Инвестициялар комитетінің және ҚР Сыртқы істер министрлігінің атташесі болды.

2003-2006 жылдары Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде атташе, үшінші хатшы қызметтерін атқарды.

2006-2007 жылдары ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі Көлік саясаты және халықаралық ынтымақтастық департаментінің бөлім басшысы, директордың орынбасары болды.

2007-2009 жылдары "Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" РМК аппарат басшысының орынбасары, кейін аппарат басшысы қызметін атқарды.

2009 жылы ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі Әкімшілік жұмыс, мемлекеттік жұмыс және мемлекеттік сатып алу департаменті директорының орынбасары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-министрі орынбасарының кеңесшісі болды.

2009-2010 жылдары Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2010-2011 жылдары Қарағанды облысы әкімінің кеңесшісі болды.

2011-2013 жылдары Шахтинск қаласының әкімі қызметін атқарды.

2013-2014 жылдары Астана қаласы әкімінің орынбасары болды.

2014-2016 жылдары "Астана" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды.

2016-2020 жылдары "Новострой Астана" ЖШС стратегиялық даму жөніндегі директорының орынбасары болды.

2021 жылғы сәуірден бастап "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарды.

2025 жылғы 28 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі болып тағайындалды.

Бұған дейін Мемлекет басшысы бірқатар Жарлыққа қол қойды. Атап айтқанда, Дәурен Қосанов Қазақстанның Қорғаныс министрі болып қайта тағайындалды. Ержан Сәденов Ішкі істер министрі қызметінде қалды. Сондай-ақ Серік Жұманғарин Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі лауазымын сақтап қалды. Ал Жаслан Мәдиев Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі қызметіне қайта тағайындалды.

Қазақстан
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген қарындасының 25 жасқа толуына орай ерекше сыйлық жасады

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды

Алматыда жеке үйдің дәретханасынан ер адамның денесі табылды

Атақты шорт-трекші Абзал Әжіғалиев спорттағы мансабын аяқтады

Қазақстанда алғаш рет Қазақ тазысы мен төбеті күні аталып өтіп жатыр