Тиісті Жарлықты Ақорданың баспасөз қызметі 2026 жылғы 3 қыркүйекте жариялады.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ербол Қуантайұлы Мырзабосынов Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі лауазымына тағайындалды", – деп жазылған ресми ақпаратта.
Ербол Мырзабосынов 1984 жылғы 30 тамызда Семей қаласында дүниеге келген. Семей мемлекеттік педагогикалық институтын, Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін және Қазақ спорт және туризм академиясын бітірген.
Еңбек жолын 2005 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институтының Дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі кафедрасында ассистент, жаттықтырушы-оқытушы болып бастады.
2007-2008 жылдары қосымша ұлттық спорт түрлері бойынша балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушы-оқытушы қызметін атқарды.
2009-2013 жылдары Семей мемлекеттік медицина университетінің Дене тәрбиесі кафедрасында оқытушы болды.
2009-2018 жылдары Шығыс Қазақстан жоғары спорт шеберлігі мектебінде қосымша жаттықтырушы-оқытушы болып жұмыс істеді.
2013-2017 жылдары Семей мемлекеттік медицина университетінің Дене тәрбиесі кафедрасын басқарды.
2018-2020 жылдары "Қызылжар арландары" спорт клубының директоры қызметін атқарды.
2020-2021 жылдары Qazaq Kuresi қауымдастығының басқарушы директоры болды.
2021-2023 жылдары Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының ректоры қызметін атқарды.
2023-2024 жылдары ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы болды.
2024 жылғы 2 қыркүйектден бастап Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі қызметін атқарады.