Ұлдана Мырзуанның қазасы: инженер қасбеттің құлауына не себеп болғанын айтты

Сурет: Zakon.kz.
2026 жылғы 3 қыркүйекте куәгер Константин Костенко Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты сот отырысында жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол жеке кәсіпкер екенін және тұрғын үйдің инженерлік желілеріне қатысты жұмыстарды орындағанын айтты.

"Өзім инженер-құрылысшымын. Мамандығым – сумен жабдықтау және кәріз жүйелері. Жел ағынына сәйкес, дәл осы ғимараттың шеткі қабырғасына солтүстік-батыс бағыттан соғатын жел, жаңбыр және дауыл жүктемесі көбірек әсер еткен", – деді Костенко.

Сонымен қатар оның айтуынша, ғимараттар арасындағы қашықтық дұрыс сақталмаған.

"Маман ретінде айта аламын, біріншіден, тоғыз қабатты тұрғын үй мен үш қабатты коммерциялық ғимараттың арақашықтығы құрылыс нормалары бойынша, тіпті 2004 жылғы талаптардың өзінде, кемінде 4,8 метрден 12 метрге дейін қашық болуы керек. Яғни, бұл жерде де жағдай сондай. Jet Logistic нысанының орнында іс жүзінде күзетшінің шағын будкасы ғана тұруы керек еді. Ол жерде Jet Logistic болмауы тиіс", – деп қосты ер адам.

Бұған дейін басқа куәгер үй қабырғасының жарылған жерінің сызаты ұлғайғанын айтқан болатын.

27 тамызда құрылыс компаниясының бухгалтері Гүлсім Ақшалова ғимаратты салған компания туралы ақпарат берген.

Еске салайық, оқиға 2025 жылғы 8 қарашада болған. Сол күні Астанада Тәуелсіздік даңғылы бойындағы тұрғын үй кешенінің сыртқы кірпіш қаптамасының бір бөлігі мен кондиционер құрылғысы қасбетінен құлап, бес адам зардап шеккен.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген қарындасының 25 жасқа толуына орай ерекше сыйлық жасады

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды

Алматыда жеке үйдің дәретханасынан ер адамның денесі табылды

Атақты шорт-трекші Абзал Әжіғалиев спорттағы мансабын аяқтады

Қазақстанда алғаш рет Қазақ тазысы мен төбеті күні аталып өтіп жатыр