"Үйдің сол жақ бөлігі әрі қарай қирап жатыр": Ұлдана Мырзуан ісіндегі куәгердің жауабы

Ұлдана Мырзуан ісіндегі куәгер жауап берді , сурет - Zakon.kz жаңалық 02.09.2026 14:08 Сурет: Zakon.kz.
2026 жылғы 2 қыркүйекте Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты кезекті сот отырысы өтті. Бұл жолы куәгер Валерия Самсонова жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Куәгердің айтуынша, ол аталған үйдің бірінші кіреберісіндегі тоғызыншы қабатта тұрады.

"Қазір үйдің жағдайына алаңдап, қорқып отырмыз. Үйдің бір бөлігі құлағаннан кейін әкімдік бізге көмектесті. Екінші кіреберіс жағынан техникалық қабатта күшейту жұмыстары жүргізілді. Қайтадан құлап кетпеуі үшін қасбеттегі кірпіштер алынды. Үйдің әрі қарай ажырап кетпеуі үшін швеллерлермен бекітілді. Бұл жұмыстар желтоқсан-қаңтар айларында жүргізілді. Ал қазір, шамамен екі апта бұрын, тоғызыншы қабаттағы дәлізде жарылулар қатты пайда бола бастады. Техникалық қабатта да өте қатты ажырау байқалады", – деді Самсонова.

Ол үйдегі қабырға жарықтарының тереңдей түскенін атап өтті.

"Бізде тоғызыншы қабаттан жетінші қабатқа дейін жарықшақтар болған. Қазір ол одан да төменге түсіп жатыр. Үйдің сол жақ бөлігі ақырындап қирап жатыр", – деп қосты куәгер.

Еске салайық, 27 тамызда құрылыс компаниясының бухгалтері Гүлсім Ақшалова ғимараттың құрылыс жұмыстарын жүргізген комнаияға қатысты ақпарат берді.

26 тамызда сот Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты іс бойынша қорғау тарапының өтінішін қанағаттандырмады.

Сонымен қатар қорғау тарапы судья Меруерт Абаеваға қарсылық білдіруді талап етті.

Оқиға 2025 жылғы 8 қарашада болған. Сол күні Астанада Тәуелсіздік даңғылында тұрғын үй кешенінің қасбетіндегі сыртқы кірпіш қаптаманың бір бөлігі мен кондиционер қондырғысы құлап, бес адам зардап шеккен.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: