Астанада түнде, Алматыда тәулік бойы: алты қала тұрғындарына ескерту жасалды

Фото: wikimedia/Gaziz Sadykov
Қазақстанның алты ірі қаласының тұрғындарына далада ұзақ жүрмеуге кеңес берілді. Бұған бүгін бірқатар қалада күтілетін қолайсыз метеорологиялық жағдай себеп болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК сайтында жарияланған ескертуге сәйкес, 2026 жылғы 4 қыркүйекте Ақтөбе мен Алматыда, ал түнде Атырау, Қостанай, Өскемен және Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – желсіздік, әлсіз жел, тұман және температуралық инверсия секілді қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың жиынтығы. Мұндай кезде атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды заттар жиналып, ауаның сапасы нашарлайды.

Осыған байланысты мамандар қала тұрғындарына далада, әсіресе көлік көп жүретін жолдар мен өзге де ластаушы көздердің маңында ұзақ жүрмеуге кеңес береді.

Созылмалы өкпе, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдар сыртқа шыққанда өзіне қажетті дәрі-дәрмектерін алып жүруі керек.

Бұған дейін, 3 қыркүйекте Орал, Ақтөбе, Астана, Алматы, Атырау және Өскемен тұрғындарына да қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы ескерту жасалған еді.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді