"Жалған" бұқа мен сиырлар: кәсіпкер 50 млн теңгеден астам субсидия алған

Сурет: ЖИ көмегімен жасалған
Ақмола облысында мал шаруашылығын дамытуға бөлінген 50 млн теңгеден астам бюджет қаражаты жымқырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылғы 4 қыркүйекте Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Тергеу мәліметінше, "Медина" ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің директоры мен Шортанды аудандық ветеринариялық станциясының басшысы ақпараттық жүйеге ірі қара мал саны туралы жалған мәлімет енгізіп, мемлекеттік субсидияларды заңсыз алуды ұйымдастырған.

"57 асыл тұқымды аталық бұқа бар деген жалған мәлімет негізінде оларға бюджеттен 9 млн теңге аударылған. Кейін осы деректер бойынша іс жүзінде жүргізілмеген селекциялық жұмыстарға тағы 17 млн теңге бөлінген", – деп хабарлады агенттік.

Бұдан бөлек, төрт өтінімде аналық мал басының саны 3 мыңға артық көрсетілген. Соның салдарынан тағы 27 млн теңге субсидия негізсіз төленген.

Осылайша, мемлекетке келтірілген залал 50 млн теңгеден асты.

Кооператив директорына қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеу жалғасып жатыр.

Бұған дейін Оралда 88 млн теңге қайырымдылық қаражатын иемденді деген күдікпен ер адам ұсталған еді. Құқық қорғау органдары оны шкафтың ішінен тапқан.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан бүгін 12 алтын, 7 күміс, 5 қола медаль жеңіп алды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды

Димаш Құдайберген қарындасының 25 жасқа толуына орай ерекше сыйлық жасады

"Үсік, жаңбыр, тұман". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды