Мамандарға Қазақстан тұрғыны сауал жолдаған.
"Автокөлігімді сатқан кезде мемлекеттік нөмірімді де жаңа иесіне сата аламын ба?" – деп сұрады ол.
Мемлекеттік корпорация өкілдерінің түсіндіруінше, қарапайым мемлекеттік тіркеу нөмірін сатуға немесе автокөліктің жаңа иесінің атына қайта рәсімдеуге болмайды. Өйткені ол мемлекет меншігіне жатады.
Ал сұранысы жоғары мемлекеттік нөмірді ата-анасының, баласының немесе жұбайының атына қайта рәсімдеуге болады. Сондай-ақ мұндай нөмір мұрагерлік жолмен беріледі.
Алайда бұл ереже автокөлікті сатып алушыға қолданылмайды.
Бұған дейін қазақстандықтарға жүргізуші куәлігін алу кезіндегі маңызды талап түсіндірілген еді. Толығырақ осы жерден оқуға болады.