Астанада жыл соңына дейін 28 жаңа жоба іске қосылады

Фото: primeminister.kz
"Astana Invest" қалалық инвестицияларды дамыту орталығы басқарма төрағасының орынбасары Сәбит Мұхамеджанұлы 2026 жылғы 4 қыркүйекте Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте биыл іске қосылатын жаңа жобалар туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның мәліметінше, 2026 жылы жалпы инвестиция көлемі шамамен 164 млрд теңгені құрайтын 28 жобаны іске қосу жоспарланған. Нәтижесінде 500-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады.

"Олардың қатарында пластиктен медициналық бұйымдар, құрылыс материалдары, жылу оқшаулағышы бар құбырлар мен фасонды бұйымдар, жылу агрегаттары, ПВХ және алюминий қасбеттер, витраждар, терезелер мен есіктер шығаратын өндірістер бар. Сондай-ақ әлеуметтік маңызы зор ірі жобаларды атап өткен жөн. Оның ішінде инвестиция көлемі 127 млрд теңгеге бағаланған Олимпиадалық даярлау орталығы мен мектеп құрылысы бар", – деді Сәбит Мұхамеджанұлы.

Ол бірқатар перспективалы жобаны да атады:

Бұған дейін Астанадағы инвесторлар үшін ең тартымды салалар туралы жазған едік.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады