Транскаспий бағыты бойынша тасымал көлемі 5,6 есе артты

Сурет: Транскаспий халықаралық көлік бағыты
Қазақстанның Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша жүк тасымалы кейінгі бес жылда 5,6 есе өсіп, 800 мың тоннадан 4,5 млн тоннаға жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазір Қазақстанның теңіз порттарының жалпы өткізу қуаты 21,8 млн тонна болады. 2030 жылға қарай бұл көрсеткішті 30 млн тоннаға дейін жеткізу жоспарланған.

Ақтау және Құрық порттарын дамыту, жаңа терминалдар салу, айлақтарды реконструкциялау және теңіз флотын кеңейту жұмыстары жалғасып жатыр. 2029 жылға дейін құрғақ жүк және контейнер тасымалына арналған тағы сегіз кеме сатып алу көзделген.

Жаңғырту жұмыстары Транскаспий бағыты мен "Солтүстік – Оңтүстік" халықаралық көлік дәлізінің өткізу қабілетін жылына 6 млн тоннадан 10 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Көлік саласын цифрландыру да жалғасуда. E-Joldar және Smart Cargo платформалары арқылы жол құрылысы мен жөндеу жұмыстарын бақылау, жүк тасымалын басқару және логистикалық процестерді цифрландыру көзделген.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

"Қар, көктайғақ, тұман": Жұмада еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді