ТЖМ әскери қызметшілеріне ақшалай үлес төлеу тәртібі өзгерді

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2026 жылғы 28 тамыздағы бұйрығымен азаматтық қорғау органдарының әскери қызметшілеріне ақшалай үлес, жәрдемақы және өзге де төлемдер төлеу қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, мерзімді әскери қызметке шақырылған Қазақстан азаматына жергілікті әскери басқару органынан әскери қызмет өткеретін жерге кету туралы тиісті командирдің немесе бастықтың бұйрығы шыққан күннен бастап лауазымға тағайындалғанға дейін еңбекақы төлеу жүйесінде белгіленген лауазымның I санаты бойынша лауазымдық айлықақы төленеді.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын шетелдік оқу орындарында білім алып жүрген әскери қызметшілерге төлемдер халықаралық шарттар мен келісімшарттарға сәйкес жүргізіледі.

Сондай-ақ әскери қызметші командирдің немесе бастықтың қарамағында болған кезеңде оған қатысты күдіктінің әрекетін саралау туралы қаулы шығарылған немесе қылмыстық іс бойынша бұлтартпау шарасы қолданылған күннен бастап іс бойынша түпкілікті шешім қабылданғанға дейін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерімен қамтамасыз етіледі.

Егер әскери қызметшіге қатысты қылмыстық қудалау немесе қылмыстық іс ақтайтын негіздер бойынша тоқтатылса не сот ақтау үкімін шығарса, командирдің немесе бастықтың қарамағында мәжбүрлі болған уақыты үшін оған ақшалай үлес төленеді. Бұл ретте қағидалардың 26-тармағына сәйкес бұрын төленген сома шегеріледі.

Бұдан бөлек, сыныптық біліктілік үшін үстемеақы әскери қызметшіге тиісті біліктілік берілген, расталған, төмендетілген, алып тасталған немесе қалпына келтірілген күннен бастап төленетіні нақтыланды.

Үстемеақы азаматтық қорғау органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін айқындау қағидаларына сәйкес негізгі немесе уақытша атқаратын лауазымы бойынша нақты алатын айлықақысына қосылады.

Бұйрық 2026 жылғы 15 қыркүйектен бастап күшіне енеді.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасының алтын медаль саны 32-ге жетті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді