Қазақстандағы колледж студенттерінің шәкіртақы мөлшері аталды

Фото: Zakon.kz
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова 2026 жылғы 8 қыркүйекте Үкімет отырысында еліміздегі колледждерде білім алатын студенттер туралы статистикалық мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, бүгінде Қазақстандағы 763 колледжде 556 мыңнан астам студент білім алып жатыр.

"Соңғы үш жылда жұмысшы біліктіліктері бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы 3,7%-ға артып, 131,4 мың орынға жетті. Колледждерге қабылдау 5,8%-ға немесе 57,8 мың студентке өсті. Жалпы, жұмысшы мамандықтары бойынша білім алған түлектерді жұмыспен қамту деңгейі 3 пайыздық тармаққа артып, 68%-ды құрады", – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Сонымен қатар студенттерді әлеуметтік қолдау шаралары кеңейтілген.

"Шәкіртақы мөлшері екі есе артып, 43 мың теңгеге жетті. Жатақханамен қамтамасыз ету деңгейі 10%-ға өсіп, 95,4%-ды құрады. Бұл көрсеткіштер техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін қаржыландыру, кадр даярлау және студенттерді әлеуметтік қолдау көлемінің артқанын көрсетеді", – деп атап өтті министр.

Бұған дейін Қазақстанда мектептер мен колледж түлектерінің саны артқаны хабарланған еді.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады