10-12 қыркүйекте Алматыда +35°C ыстық сақталады, Астана мен Шымкентте күн салқындайды

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Алдағы үш күнде, яғни 2026 жылғы 10-12 қыркүйек аралығында Шымкент пен Астанада күн салқындайды. Ал Алматыда аптап ыстық сақталып, ауа температурасы +35°C-қа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамынша, еліміздің үш ірі қаласының тұрғындары жаңбырлы ауа райына да дайын болғаны жөн.

Астана

10 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы – 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, күндіз +30...+32°C.

11 қыркүйек: көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз жел екпіні 20 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +26...+28°C.

12 қыркүйек: көшпелі бұлтты, кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы – 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +18...+20°C.

Алматы

10 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, күндіз +31...+33°C.

11 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы – 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +17...+19°C, күндіз қатты ыстық, +33...+35°C.

12 қыркүйек: көшпелі бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз жел екпіні 13 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +19...+21°C, күндіз қатты ыстық, +33...+35°C.

Шымкент

10 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы – 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +33...+35°C.

11 қыркүйек: көшпелі бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы – 8-13 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +19...+21°C, күндіз +31...+33°C.

12 қыркүйек: көшпелі бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз жел екпіні 20 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +17...+19°C, күндіз +26...+28°C.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстан бойынша 10, 11 және 12 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынған еді.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты