Ер адам Мақтаарал ауданында көші-қон заңнамасының сақталуын тексеру барысында анықталған. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ол жүрген жерінен ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді.
Тексеру барысында шетел азаматының бұған дейін ұрлық жасағаны үшін сотталғаны және 2021 жылдан бері халықаралық іздеуде жүргені анықталды. Қазіргі таңда ол қамауда.
"Сонымен қатар "Мигрант" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Түркістан облысының аумағында заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырған 26 шетел азаматы анықталды. Құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік шаралар қабылданып, олардың 16-сы Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды", – делінген хабарламада.
Полицейлер көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін анықтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды жалғастырып жатыр.