"Қазгидромет" РМК сайтында жарияланған ескертуде:
"2026 жылғы 23 қыркүйекте Павлодар, Петропавл, Көкшетау, Ақтөбе, Алматы қалаларында, түнде Қостанай, Қарағанды, Балқаш, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер, Атырау және Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі", – делінген.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай – желдің болмауы немесе баяу соғуы, тұман мен температуралық инверсия сияқты құбылыстардың әсерінен зиянды заттардың жерге жақын ауа қабатында жиналуына қолайлы жағдай қалыптасуы.
Мұндай кезде тұрғындарға далада, әсіресе көлік жолдары мен басқа да ластану көздеріне жақын жерде ұзақ жүрмеу ұсынылады. Өкпенің созылмалы, жүрек-қан тамырлары немесе аллергиялық аурулары бар адамдарға сыртқа шыққанда қажетті дәрілерін өзімен бірге алып жүруге кеңес беріледі.
Бұған дейін, 22 қыркүйекте, синоптиктер Қазақстанның 13 қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай болатынын ескерткен еді.