Мемлекетке қайтарылған жерлер кімдерге берілді – Ауыл шаруашылығы министрлігі

Фото: pexels
Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов 2026 жылғы 24 қыркүйекте Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте мемлекетке қайтарылған жерлердің қалай бөлінгенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның сөзінше, министрлік бұл бағытта жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр.

"Төрт жыл ішінде мемлекет меншігіне 15,6 млн гектар жер қайтарылды. Қазір оның 13,5 млн гектары қайта бөлінді. Соның 5,5 млн гектары елді мекендер маңындағы жайылымға деген қажеттілікті өтеу үшін жергілікті тұрғындарға берілді. Бұлар – қоғамдық жайылымдар", – деді Мұрат Теміржанов.

Комитет төрағасының айтуынша, тағы 8 млн гектар жер конкурс негізінде ұйымдасқан шаруашылықтарға берілген.

"Жалпы, 2026 жылы аумақтық бөлімшелеріміз 1 млн гектардан астам аумақта мыңнан аса жоспардан тыс тексеру жүргізді", – деп қосты ол.

Бұған дейін 2026 жылы жүргізілген жерді зерттеу жұмыстарының нәтижелері туралы жазған едік.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Жамбылда шибөрілер ауыл ішіне кіре бастады

Қазақстанда балаларды мектепалды сыныпқа қабылдау тәртібі бекітілді

Каспийдегі оқу-жаттығу кезінде 19 әскери қызметшіні теңізге ағызып әкетті: тоғызы қаза тапты

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу-қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді