Алматыда қыркүйектің соңы мен қазанның басында ауа райы қандай болады

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Алматыда қыркүйек айының соңы жылы әрі негізінен құрғақ болады. Күндіз ауа температурасы +25°C-қа дейін көтеріледі. Жауын-шашын мен салқын ауа райы қашан келетіні туралы Zakon.kz-ке синоптик айтып берді.

"Қазгидромет" РМК Алматы және Алматы облысы бойынша жетекші инженер-синоптик Гүлтансык Медеуованың айтуынша, қыркүйек айының соңында Алматыда құбылмалы бұлтты, негізінен құрғақ әрі жылы ауа райы күтіледі. Синоптиктер айтарлықтай жауын-шашын болжамайды.

"Түнгі уақытта ауа температурасы +9+14°C, ал күндіз жайлы жылы ауа райы сақталып, +20+25°C болады. Жел негізінен солтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы 3-8 м/с", – деді Гидрометорталық өкілі.

Алайда қазан айының басталуымен ауа райы өзгереді. Синоптиктің айтуынша, Алматыда жаңбыр жауады.

Алматы бойынша 2026 жылғы 26 қыркүйек – 2 қазан аралығына арналған ауа райы болжамы:

26 қыркүйек: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +12+14°С, күндіз +22+24°С.

27 қыркүйек: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +23+25°С.

28-29 қыркүйек: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +9+11°С, күндіз +21+23°С.

30 қыркүйек: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +11+13°С, күндіз +22+24°С.

1 қазан: құбылмалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауады. Жел солтүстік-шығыстан 3-8, кей уақытта екпіні 13 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +12+14°С, күндіз +20+22°С.

2 қазан: құбылмалы бұлтты, түнде жаңбыр жауады. Жел шығыстан 3-8, кей уақытта екпіні 13 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +11+13°С, күндіз +21+23°С.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан алғаш рет БҰҰ рейтингінің үздік 20 елі қатарына және ең жоғары рейтингілік топқа енді

Италиялық клуб итпен келісімшартқа отырды

Мемлекет басшысы Парламентаралық одақтың президенті Милтон Дикті қабылдады

ҚазҰУ студенті өзіне қол жұмсамақ болды деген ақпаратқа Алматы полициясы түсініктеме берді

Құрылтай жанындағы жаңа алаң жастардың елдің қоғамдық өміріне белсенді қатысуына жол ашады