Жамбыл облысында оқушыны буллинг жасаған баланың анасына айыппұл салынды

Дети, буллинг, травля, задирание, жертва буллинга, школьный буллинг, издевательство, травля ребенка, травля детей, буллинг среди учеников, буллинг среди детей, буллинг среди подростков , сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2026 18:58 Фото: pexels
Жамбыл облысының Қордай аудандық соты сыныптасын қорлаған кәмелетке толмаған баланың анасына қатысты істі қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осы жылдың қазан айында Кенен ауылындағы мектептердің бірінде 9-сынып оқушысы буллингке ұшыраған. Оны қорлаған баланың анасы кінәсін мойындап, өкінетінін жеткізді.

Ал жәбірленуші тарап жанжалдың аяқталғанын, екі жақтың татуласқанын айтып, соттан жеңіл жаза тағайындауды сұрады.

"ӘҚБтК-нің 127-2-бабы 3-бөлігінде (Кәмелетке толмаған адамды жәбірлеу (буллинг, кибербуллинг) ата-аналарға немесе олардың орнындағы адамдарға ескерту жасау не 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салу көзделген. Сот кінәні мойындау, өкіну, кәмелетке толмаған балаларының болуы және құқық бұзушылықты алғаш рет жасауды жеңілдететін мән-жайлар ретінде таныды. Жазаны ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ", – деп хабарлады сот.

Сот қаулысымен әйел кінәлі деп танылып, оған 10 АЕК (43 250 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.

Қаулы әлі заңды күшіне енген жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: