Жамбыл облысында жездесі 16 жасар балдызын зорлап келген

Домашнее насилие, бытовое насилие, жертва насилия, насилие над женщинами, физическое насилие, насилие, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.08.2025 13:37 Фото: pexels
Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жездесінің кәмелетке толмаған балдызына көрсеткен азғындық әрекетіне қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ер адам сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасағаны, сонымен қатар зорлағаны үшін айыпталды.

Сотпен анықталғаны, 2023 жылдың маусым айында, 2024 жылдың наурыз және желтоқсан айларында, 2025 жылдың қаңтар айында сотталушы Р. өзінің тұрғылықты мекен-жайында, кәмелетке толмаған (2009ж.т.) И.-дың жездесі бола тұра, күш қолданып, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған. 2024 жылдың күзінде және 2025 жылдың қаңтар айында ол қызды зорлаған.

Сотталушы кінәсін мойындамады.

Сот үкімімен Р. кінәлі деп танылып, оған қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша жазаларды ішінара қосу арқылы кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, түпкілікті максималды – 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот 5 млн теңге моральдық зиян және 1,6 млн теңге мүліктік залал сомасын өндірді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: