7 жасар қызға зорлық көрсетіп, өзенге ағызып жіберген қазақстандық өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі соты кәмелетке толмағанға қатысты зорлау мен баланы қасақана өлтіру бабы бойынша айыпталған азаматтың ісін қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сот материалдарына сүйенсек, 2025 жылдың маусым айында Құлсары қаласында 7 жастағы қыз бала Құрсай өзенінің жағалауында серуендеп жүріп, үйіне қайтып бара жатқанда адасып кетіп, жолда сотталушыны кезіктірген.
Сот айыпталушының алкогольдік масаң күйде болып, оған үйіне баратын жолды көрсететінін айтып алдағанын және өзімен бірге жүруді ұсынғанын анықтады.
"Қызды жаңылыстырып, оны өзен жағасына апарып, дәрменсіз күйін пайдаланып, күш қолданып, зорлаған. Жасаған қылмысын жасыру мақсатында ол баланы ұрып-соғып, кейін өзенге батырып жіберген",- делінген ақпаратта.
Сотталушының кінәсі куәлардың айғақтарымен, оқиға болған жерді қарау хаттамасымен, бейнежазбалармен және сараптама қорытындыларымен толық дәлелденді. Осылайша:
"Сот үкімімен азамат тағылған айыптар бойынша кінәлі деп танылып, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды". Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі соты
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript