Яна Легкодимованы өлтірген айыпталушыларға өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы берілді

Яна Легкодимованы өлтірген айыпталушыларға өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы берілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.11.2025 13:06 Сурет: Zakon.kz/Алекса Новикова
2025 жылдың 17 қарашасында Атырау облысының Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында Атырау тұрғыны Яна Легкодимованы өлтіру ісі бойынша сот процесі аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Екі айға созылған процесстен кейін судья Зарема Хамидуллина үкімді жариялады. Іс 24 томнан тұрды.

Тергеу материалдарына сәйкес, 2024 жылғы 18 қазан күні Атырауда қызды оның жігіті Ризуан Хайржанов пен Ганюшкино ауылынан келген досы Алтынбек Катимов өлтірген. Олар қылмыс тәсілдерін алдын ала талқылаған. Легкодимованы Хайржановтың көлігінде тұншықтырып өлтірген, содан кейін денесін Махамбет ауданы, Талдыкөл ауылы маңындағы Жайық өзеніне тастаған. 2025 жылғы маусымда демалушылар жағалауда қалдықтарын тауып алған.

Сот барысында екі айыпталушы да алдын ала сөз байласу арқылы қылмысқа қатысқанын мойындағанымен, егжей-тегжейлі түсініктеме беруден қашты. 2025 жылғы 29 қазанда қайтыс болған қыздың анасының қорғаушысы сұрауымен айыптау күшейтілді: телефон ұрлығы эпизоды "адамдар тобымен өзге адамның мүлкін қасақана жою" баптарына ауыстырылды.

2025 жылғы 13 қарашада сот талқылауында Галина Легкодимова қызын өлтірген екі адамға да өмір бойына бас бостандығынан айыруды талап етті:

"Менің баламның аяқ-қолы жоқ, кроссовкасы, джинсы, кофтасы – ештеңесі жоқ. Барлығы қайда? Бұл тек қылмыскерлерге белгілі. Ешбір дұрыс ойлайтын адам олардың мотивін түсіне алмайды. Мен өмір бойына түрме жазасын талап етемін", – деді ол.

Анасының пікірінше, қыз жүкті болған.

Мемлекеттік айыптаушы екеуіне де өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын, жазаны аса қауіпсіз мекемеде өтеуін сұрады. Айыпталушылардың жоспары цинизммен жасалған деп аталды.

Атырау облысы прокуратурасы өкілінің айтуынша:

"Айыпталушылар Янаны өлтірудің шамамен 20 тәсілін талқылаған. Соттағы формалды өкініш – жазаны жеңілдетудің амалы".

Судья Зарема Хамидуллина үкімді жариялады:

Ризуан Хайржанов пен Алтынбек Катимов өмір бойына бас бостандығынан айырылды және жазаны аса қауіпсіз мекемеде өтеуі тиіс.

Сонымен қатар, айыпталушылар зардап шеккен жаққа 15 миллион теңге моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді.

Судья үкімді түсіндіріп:

"Шындық біреу: Хайржанов пен Катимов алдын ала сөз байласу арқылы Янаны өлтіріп, денесін өзенге тастады. Телефонды бұзып, хабарламаларды жойды. Айыпталушылардың кінәсі куәлардың, зардап шеккеннің, олардың өз түсініктемелерінің және 10 күн бойы түрлі өлтіру тәсілдерін талқылаған хабарламалары арқылы толық дәлелденді. Сотта қылмысты жасағандардың сол екеу екеніне күмән болған жоқ. Адам өмірден өткенде, денесі жерге тапсырылуы тиіс. Ал Янадан қалғандары: төменгі жақ сүйек жоқ, денесі жануарлар арқылы зақымдалған, аяқ-қолы, жамбас жоқ. Қалған бөліктер қайда? Сондықтан сот сіздерге қатал жаза тағайындады", – деді Зарема Хамидуллина, Янадан табылған қалдықтардың фотосын көрсетіп (редакция этикалық себеппен жарияламайды).

Үкім заңды күшіне енген жоқ және 15 күн ішінде шағымдануға болады.

Еске сала кетейік, 2024 жылғы 23 қазанда Zakon.kz хабарлағандай, 23 жастағы Яна Легкодимова 18 қазан күні үйден шығып, із-түзсіз жоғалған. Сот барысында қылмыстың кейбір шокирлі детальдары анықталды: бір айыпталушы қыздың қол сүйектерін сындырып, қарсыласуға мүмкіндік бермеген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: