Семейде педофил өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Сурет: Zakon.kz
Семейде қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты педофилді өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Іс материалдарына сәйкес, сотталушы кәмелетке толмаған жәбірленушінің дәрменсіз жағдайын пайдаланып, жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған, деп жазды Abainewskz Telegram-каналы.
"Ер адам кінәсін мойындамады, бірақ оның әрекеті қылмыстық іс материалдарымен, сот-медициналық сараптамасының қорытындыларымен, жәбірленушінің, оның өкілдері мен куәгерлерінің айғақтарымен дәлелденді", - деп хабарлады сот.
Нәтижесінде қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты оны кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Сондай-ақ оған өмір бойына педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқаруға тыйым салынды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript