Нұр-Сұлтанда 5 жасар қызды өлтірген ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.09.2022 19:18 Сурет: freepik
Астана соты кәмелетке толмаған қызды өлтіргені үшін ер адамды өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сотта К деген азаматтың алкогольді ішімдікке сылқия тойып алып, өзімен бірге тұрып жатқан әйелдің 5 жасар қызына көптеген соққы жасағаны, салдарынан ес-түсін жоғалтқан бала қаза тапқаны нақтыланды.

2022 жылы 22 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алқабилердің қатысуымен К-ға қатысты жас бала Д-ны өлтіру фактісі бойынша айыптау үкімін шығарды (ҚК 99-бабы 3-бөлігі).

Алқабилер алқасы өмір бойы бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындау ұсынысына бірауыздан дауыс берді.

Апелляциялық шағымда сотталушы адам өзінің кінәсі жоқтығын айтып, үкімнің күшін жоюды сұрады. Сот алқасының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі қаулысына сәйкес, үкім өзгеріссіз қалдырылды, өйткені оның күшін жоюға негіздер табылмады. Нұр-Сұлтан қаласы сотының баспасөз қызметі
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: