Қостанайда 16 жасар қызды зорлап, артынан өлтірді деп айыпталған ер адам 25 жылға сотталды

Кәмелетке толмаған қыз, Қостанай облысы, зорлау, өлтіру, сот үкімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.12.2024 19:26 Сурет: pixabay
Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кәмелетке толмаған қызды зорлағаны және қылмысын жасыру мақсатында оны өлтіргені үшін Әулиекөл ауданының тұрғынына қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сотта 2024 жылдың маусым айында Әулиекөл ауылында сотталушы мас күйінде физикалық күш көрсетіп, кәмелетке толмаған жәбірленушіні зорлағаны, кейін жасаған аса ауыр қылмысты жасыру мақсатында оны тұншықтыру арқылы өлтіргені анықталды.

Сотталушы сотта өзіне тағылған айыптар бойынша кінәсін мойындамады.

Жәбірленуші тарап сотталушыға заңда көзделген ең қатаң жазаны тағайындауды сұрады.

Сотталушының кінәсі оның айғақтарымен, жәбірленушінің, куәгерлер мен сарапшылардың айғақтарымен, тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен және бейнематериалдарымен, сондай-ақ сот сараптамаларының қорытындыларымен және сотта зерттелген қылмыстық істің басқа да материалдарымен дәлелденді.

Сотталушының қылмыстық жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мән-жай ретінде сот оның мас күйінде қылмыс жасағанын мойындады. Қылмыстық жауапкершілік мен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде сот оның ақыл-есінің бұзылуын, жас балаларының болуын, сондай-ақ кінәсін мойындап келуін ескерді.


"Сотталушының жеке басын, жасалған іс-әрекеттердің сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, қылмыс жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлықты ескере отырып, сот Г.-ның жазаны ішінара қосу арқылы өмір бойы кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты педагогикалық лауазымдар мен лауазымдарды атқару құқығынан айырып, жазаны ҚАЖ орташа қауіпсіздік мекемелерінде өтеу арқылы 25 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады", делінген сот хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: