Әлеуметтік желілерде балабақша қызметкерінің кішкентай балаға жақындап барып, оны ұрғаны түсірілген видео тарады. Одан кейін әйел орындыққа отырып, балаларды бақылаған.
Астана полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
""Нұра" аудандық полиция басқармасы кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады", – делінген полиция хабарламасында.
Полиция Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейтінін атап өтті.