415 млн теңге айналымға түскен іс: Қарағандыда дропперлер тобы әшкереленді

Фото: freepik
Қаржы мониторингі агенттігінің (ҚМА) Қарағанды облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен Vavada онлайн-казино ойыншыларының ақшасын қабылдап, шығарып отырумен айналысқан дропперлер тобының қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тергеу мәліметінше, 2026 жылдың қаңтарында схеманы ұйымдастырушылар онлайн-казино өкілдерімен Қазақстан аумағында ақша қабылдау және шығару туралы келісімге келген.

"Кейін қатысушылардың бірі топтың жұмысын үйлестіріп, казино өкілдерімен байланыс орнатқан. Екіншісі дропперлерді іздеумен, олардың банк шоттарына қолжетімділікті қамтамасыз етумен және операторларды іріктеумен айналысқан. Қарағандыдағы жалға алынған кеңседе операторлар тәулік бойы ауысыммен жұмыс істеген", – деп хабарлады 28 қыркүйекте ҚМА баспасөз қызметі.

Агенттік мәліметінше, схемаға барлығы 23 дроп-шот пайдаланылған. Олар арқылы 415 млн теңгеден астам сомаға операциялар жүргізілген.

"Екі күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Сот санкциясымен олардың мүлкіне, оның ішінде жеке үйіне, екі жер теліміне және Mercedes-Benz автокөлігіне тыйым салынды. Қылмыстық іс сотқа жолданды", – делінген ҚМА баспасөз қызметінің хабарламасында.

Агенттік түсіндіргендей, ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, істің өзге мәліметтері жария етуге жатпайды.

Бұған дейін, 2026 жылғы 23 қыркүйекте Қостанай облысының екі тұрғыны лицензиясыз заңсыз микроқаржылық қызметпен айналысып, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырғаны үшін сотталғаны белгілі болған. Олардан бес пәтер, үш автокөлік және екі жер телімі тәркіленген.

Қазақстан
Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

ТЖМ жер сілкінісі туралы мәлімет жариялады