Қуаңшылыққа қарамастан, Қазақстанда биылғы өнім орташа көрсеткіштен жоғары болады

Фото: akorda.kz
Премьер-министр Олжас Бектенов 2026 жылғы 29 қыркүйекте Үкімет отырысында бірқатар өңірде болған қуаңшылыққа қарамастан, биыл қандай өнім күтіліп отырғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Үкімет басшысы Мемлекет басшысының тапсырмасымен аграрлық салаға елеулі мемлекеттік қолдау көрсетіліп жатқанын атап өтті.

"Өсімдік шаруашылығының орнықты дамуын қамтамасыз етуге және ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыруға бағытталған субсидиялауға көп көңіл бөлінеді. Президент ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау бөлінетін қаражат көлеміне ғана емес, ең алдымен нақты экономикалық нәтижелерге бағдарлануы керек екенін атап өтеді. Осыған байланысты егін жинау науқанын сапалы әрі уақытылы өткізу – алға қойылған мақсаттарға жетудің негізгі шарттарының бірі", – деді Бектенов.

Ол биылғы ауыл шаруашылығы маусымы оңайға соқпағанын мойындады.

"Айтылғандай, егіннің өсу кезеңінде бірқатар өңірде қуаңшылық болды. Бұл ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігіне қосымша қауіп төндірді. Соған қарамастан, қабылданған шаралардың арқасында өнім түсімі орташа көлемнен жоғары болады деп күтіліп отыр. Астықтың сапасы да жоғары. Сақтауға түскен астықтың 74%-дан астамы – құрамындағы желімшесі жоғары, үшінші және одан жоғары сыныптағы астық", – деді Премьер-министр.

Ол заманауи агротехнологияларды қолдану және тыңайтқыштарды уақытылы енгізу нақты нәтиже беріп жатқанын да атап өтті.

Бұған дейін Қазақстанда дәнді дақылдарды жинау науқаны аяқталуға жақындағаны хабарланған еді.

Қазақстан
Астана
Бектенов Олжас

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін