Тоқаев жасанды интеллект пен цифрландыру саласындағы жобалармен танысты

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект пен цифрландыру саласындағы жобалармен танысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев AI & Digital Bridge 2026 халықаралық ІТ форумы аясында жасанды интеллект, цифрлық технология және роботты техника салаларындағы перспективті жобалар көрмесіне барды.

Мемлекет басшысына Qazaq AI Research University базасында жасалған AI-Enabled University моделі, Trusted Kazakhstan, ALFA жобалары, Aitu ұлттық мессенджерінің жаңа функционалдық мүмкіндіктері көрсетілді.

Бұдан бөлек, көрме қонақтары "Самұрық-Қазына" қоры мен Higgsfield.ai компаниясының интеллектуалдық шешімдерімен және "Деректерді өңдеу орталығы алқабын" дамыту жоспарымен танысты.

Ұсынылған әзірлемелер жасанды интеллектіні экономика мен мемлекеттік басқарудың түрлі саласына енгізуді, отандық цифрлық инфрақұрылымды қолдауды және Қазақстанның өңірлік технологиялық хаб ретіндегі позициясын нығайтуды көздейді.

Молния

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар, көктайғақ, бұрқасын". Бейсенбіде еліміздің бірқатар өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды

"СҚ-Фармация" сатып алуларындағы отандық дәрілер мен медициналық бұйымдар түрі соңғы үш жылда 42%-ға көбейді

Қоғам қайраткері Мұхтар Құл-Мұхаммедтің кітабы жарық көрді

"Тарихта алғаш рет" – Ресей Жоғарғы сотының төрағасы Тоқаевқа маңызды келісім туралы айтты

Евро-2028 іріктеу ойындарының жеребесінде Қазақстан төртінші себетке "түсті"