Үкімет басшысы Қазақстанның Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне және әкімдіктерге жұмысты күшейту бойынша бірқатар тапсырма берді.
"Президент өңірлердегі инфрақұрылымды жаңғырту, әсіресе жолдардың сапасы мәселесін бірнеше рет көтерді. Орталықтан қажетті қаражат бөлініп жатыр. Жергілікті жерлерде қаражаттың мақсатты жұмсалуына бақылауды күшейту қажет. Ел ішіндегі және халықаралық маңызы бар жолдардың барлығы сапа стандарттарына сай болуға тиіс. Әкімдік өз аумағындағы жұмыстарды бақылауы керек. Азаматтардың шағымдарының басым бөлігі ішкі жолдарға қатысты. Қатаң бақылауға алыңыздар", — деді Олжас Бектенов.
Ұсынылған мәліметке сәйкес, биыл Қазақстанда 11 мың шақырымнан астам жол құрылыс, қайта жаңарту және жөндеу жұмыстарымен қамтылған.
Кейінгі жеті жылда елімізде жалпы 36,3 мың шақырым автожол салынды және жөнделді.