Тоқаев Бельгиялықтар королі Филипп пен патшайым Матильданы қарсы алды

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Бельгиялықтар королі Филипп пен патшайым Матильданы қарсы алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың хабарлауынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген король Филипп пен патшайым Матильданы елорда әуежайынан қарсы алды.

Сурет: akorda.kz

Сурет: akorda.kz

Қазақстан Республикасы Әскери әуе күштерінің ұшақтары мемлекет шекарасынан Астанаға дейін король мен патшайым мінген бортқа қапталдаса ұшты.

Мәртебелі меймандарды салтанатты түрде қарсы алу үшін ұшу алаңында Құрмет қарауылы ротасы мен Президенттік оркестр сап түзеді.

Сурет: akorda.kz

Сурет: akorda.kz

Сурет: akorda.kz

Еске салайық, бұған дейін Бельгиялықтар королі Филипп пен патшайым Матильда Қазақстанға келетінін хабарлаған едік.

Молния

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің Чилидегі алғашқы жеке концерті аншлагпен өтті

ҰҚК "Қазатомөнеркәсіп" топ-менеджерінің ұсталғанын мәлімдеді

Алматыда қар жауып, күн суытады, Астана мен Шымкентте жаңбыр жауады: үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстанға циклон жақындап келеді: 26 қарашада қар, жаңбыр жауып, жел күшейеді

56 жастағы әйел шынайы ер адамдардан бас тартып, ЖИ-мен қарым-қатынасы туралы күтпеген шындықты айтты