Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады. Бейсенбі, 15 қазанда елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында кей жерлерде қатты жауын-шашын күтіледі. Сол күні шығыс пен солтүстікте көктайғақ болады деп болжануда.
Ал орталық және оңтүстік өңірлерде көбіне жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Ел аумағында жел күшейіп, түнгі және таңғы уақытта кей жерлерде тұман түседі.
Алдағы күндері ауа температурасы мынадай болады:
- Солтүстік-батыста күндіз +10…+22°C;
- Солтүстікте түнде −6…−1°C, күндіз +3…+13°C;
- Орталық өңірлерде түнде −6…+3°C, күндіз +4…+15°C;
- Шығыста түнде −5…+5°C, күндіз −1…+9°C;
- Оңтүстік-шығыста түнде +5…+10°C, таулы аудандарда −2…+3°C. Күндіз +10…+22°C, тауда +5…+10°C.
Бүгінгі, 12 қазандағы ел аумағы бойынша ауа райы болжамын мына сілтемеден білуге болады.