Астана
13 қазан: күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Батыс бағыттан соғатын желдің жылдамдығы 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде +2…+4°C, күндіз +13…+15°C.
14 қазан: күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, жылдамдығы 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде +2…+4°C, күндіз +14…+16°C.
15 қазан: күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 3–8 м/с, күндіз 7–12 м/с. Ауа температурасы түнде −4…−2°C, күндіз +5…+7°C.
Алматы
13 қазан: күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, жылдамдығы 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде +10…+12°C, күндіз +20…+22°C.
14 қазан: күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, жылдамдығы 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде +7…+9°C, күндіз +20…+22°C.
15 қазан: күн ала бұлтты болады. Ара-тұра жаңбыр жауып, күндіз найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 3–8 м/с, күндіз екпіні 13 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы түнде +7…+9°C, күндіз +15…+17°C.
Шымкент
13 қазан: күн ала бұлтты болады. Түннің бірінші жартысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 8–13 м/с, екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде +8…+10°C, күндіз +21…+23°C.
14–15 қазан: күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, жылдамдығы 8–13 м/с. Ауа температурасы түнде +8…+10°C, күндіз +23…+25°C.
Бұған дейін Қазақстанда 2026 жылғы 13–15 қазан аралығында жауын-шашын жауып, жел күшейетіні және тұман түсетіні хабарланған еді. Осы күндері елдің басым бөлігінде ауа температурасы төмендейді деп болжануда.