Мәслихат депутаттарының есімі қашан белгілі болады

Сурет: Zakon.kz
Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман 2026 жылғы 13 қазанда ведомствода өткен брифингте мәслихат депутаттарын сайлау қорытындысы қашан шығарылатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мұхтар Ерманның айтуынша, мәслихат депутаттарын сайлауға дайындық жұмыстары 48 күнге созылады. Оның 14 күні кандидаттарды ұсынуға бөлінген. Бұл жұмыс ертең, 14 қазанда басталады.

"27 қазанда кандидаттарды ұсыну рәсімі аяқталады, ал 1 қарашада оларды тіркеу жұмыстары тәмамдалады. Сайлауалды үгіт-насихатқа 27 күн беріледі. Ол 2026 жылғы 28 қарашада сағат 00:00-де аяқталады. 2026 жылғы 28 қараша – тыныштық күні. Дауыс беру 29 қарашада өтеді. Сайлау қорытындысы 2026 жылғы 3 желтоқсаннан кешіктірілмей шығарылады", – деп хабарлады ОСК төрағасының орынбасары.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2026 жылғы 29 қарашаға белгіленгенін хабарлаған едік.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін