Жасанды интеллект адамның естеліктерін өзгерте алады: ғалымдар күтпеген жаңалық ашты

Фото: pixabay
Джорджтаун және Вашингтон университеттерінің мамандары жасанды интеллект адамның жадында сақталған оқиғаларды бұрмалауы мүмкін екенін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Газета.Ru" басылымының жазуынша, ғалымдар зерттеу нәтижелерін жасанды интеллект, этика және қоғам мәселелеріне арналған тоғызыншы AAAI/ACM конференциясында таныстырды.

Мамандар бейнероликтерді пайдалана отырып, 331 адам қатысқан ауқымды эксперимент жүргізді.

Зерттеу барысында қатысушыларға жол-көлік оқиғасы түсірілген бейнеролик көрсетілді. Онда қызыл түсті автокөлік жаяу жүргіншілер өткелінде адамды қағып кеткен. Бір тәуліктен кейін қатысушыларға ChatGPT және Gemini тілдік модельдері дайындаған осы оқиға туралы қысқаша ақпаратты оқу ұсынылды.

Мәтіндерде әдейі қате мәліметтер берілген немесе маңызды жайттар көрсетілмеген. Дәл емес ақпаратты оқу қатысушылардың шын мәнінде болған оқиғаны дұрыс еске түсіру қабілетін күрт төмендеткен. Шынайы мәліметтер қамтылған мәтінді оқығандардың 83,6%-ы сұрақтарға дұрыс жауап берген. Ал жалған мәліметтер жазылған мәтіндерді мұқият оқығандарда бұл көрсеткіш 44,8%-ға дейін төмендеген.

Эксперимент авторлары мұндай бұрмалаулар ақпаратты қабылдау мен болып жатқан оқиғаларды бағалауға тікелей қауіп төндіретінін атап өтті.

Бұған дейін жасанды интеллект көмекшісімен хат алмасқан әйелдің қамауға алынғаны хабарланған еді. Ол чат-ботты жеке күнделік ретінде пайдаланған. Алайда оның жазғандары полицияға белгілі болған.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін