Заң жобасына берілген қорытындыда құжаттың президент тапсырмасын орындау мақсатында әзірленгені көрсетілген. Ол "Шәмші Қалдаяқов" медалі мен "Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі" құрметті атағын тағайындауға, сондай-ақ мемлекеттік наградалар туралы заңнаманың жекелеген ережелерін жетілдіруге және редакциялық нақтылаулар енгізуге бағытталған.
"Заң жобасы 2026 жылғы 7 қазанда Қазақстан Республикасы Құрылтайының отырысында бірінші оқылымда мақұлданды. Заң жобасымен жұмыс барысында Әлеуметтік-мәдени даму комитеті оның нормаларын заң техникасы талаптарына сәйкестендіріп, мазмұнын сапалық тұрғыдан жақсарту жұмысын жүргізді", – делінген құжатта.
Бұған дейін Құрылтай депутаттары 2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын бірінші оқылымда мақұлдаған еді.