Метеорологтардың деректері бойынша, Қазақстан аумағының басым бөлігінде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
"Тек республикамыздың батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында ауа райы тұрақсыз болып, жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі деп күтіледі. Республика бойынша белең алатын ортақ табиғи құбылысқа желдің екпін алуы жатқызылады, Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында өте қатты жел соғады деп болжанады. Түнде шығыста, орталықта көктайғақ болады деп күтіледі. Еліміздің батысында шаңды дауыл тұрып, республикамыздың басым өңірінде тұман түседі", делінген "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінің хабарламасында.
Сонымен қатар Қазақстанның бірқатар өңірлерінде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады:
- жоғары өрт қаупі – Атырау облысында, Маңғыстау облысының орталығында, Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, Ақтөбе облысының шығысында, Жетісу облысының шығысында, Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде;
- төтенше өрт қаупі – Қызылорда облысында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында, Қарағанды облысының батысында, Ұлытау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында.
Бұған дейін синоптиктер Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша 15-17 қазан аралығына арналған ауа райы болжамымен бөліскен болатын.