Оның мәліметінше, "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында Алатау қаласының Қоянқұс шағынауданында 900 орындық жаңа жалпы білім беретін мектеп пайдалануға берілген.
"Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында қалада екі фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды: 2025 жылы – Еңбек шағынауданында, 2026 жылғы сәуірде – Жаңаарна шағынауданында. Алатауға қала мәртебесінің берілуіне байланысты "Дипломмен ауылға!" бағдарламасы аясында мамандарды қолдау үшін екі жылдық өтпелі кезең белгіленді. Бұл бюджет саласы қызметкерлерінің 25 пайыздық үстемеақысын сақтауға мүмкіндік береді", – делінген вице-премьердің жауабында.
Бозымбаевтың айтуынша, алдағы уақытта Алатауға білікті мамандарды тарту және олардың қалада ұзақ мерзім жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін өмір сапасын арттыруға, қалалық ортаны дамытуға және қолайлы жағдай жасауға бағытталған жүйелі шаралар қабылданады.
Бұған дейін Алатау қаласының цифрлық егізі пайда болатыны туралы жазған едік.