Ал Алматы мен Шымкентте жауын-шашын болмайды, бірақ күн айтарлықтай салқындайды.
Астана
16 қазан: күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде бағыты ауыспалы жел секундына 1–6 метр, күндіз оңтүстік-батыстан секундына 7–12 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде −6…−8°С, күндіз +10…+12°С болады.
17 қазан: күн ала бұлтты болады. Түнде және таңертең жаңбыр жауып, соңы қарға ұласады, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан секундына 7–12 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 0…+2°С, күндіз +9…+11°С болады.
18 қазан: күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан секундына 4–9 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 0…+2°С, күндіз +8…+10°С болады.
Алматы
16 қазан: күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-шығыстан секундына 3–8 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +1…+3°С, күндіз +11…+13°С болады.
17 қазан: күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Шығыстан секундына 3–8 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +1…+3°С, күндіз +13…+15°С болады.
18 қазан: күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Батыстан секундына 3–8 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +2…+4°С, күндіз +14…+16°С болады.
Шымкент
16 қазан: күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-шығыстан секундына 8–13 метр жылдамдықпен жел соғып, екпіні 15–20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +8…+10°С, күндіз +22…+24°С болады.
17 қазан: күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-шығыстан секундына 8–13 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +8…+10°С, күндіз +21…+23°С болады.
18 қазан: күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан секундына 8–13 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +6…+8°С, күндіз +20…+22°С болады.
2026 жылғы 15 қазанда Қазақстанда жаңбыр мен қар жауып, өте қатты жел соғады, көктайғақ болады деп күтіледі. Болжанған қолайсыз ауа райына байланысты синоптиктер еліміздің 17 облысында дауылды ескерту жариялады.