ҚТЖ жұмысшылары өрт кезінде зардап шекті: оқиғаның мән-жайы

Фото: rail-news.kz
Ақтөбе облысында "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының екі жұмысшысы бөлшектерді жуу кезінде қатты күйіп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Almaty.tv мәліметінше, зардап шеккендер шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген. 46 жастағы ер адамның денесінің 80%-ын күйік шалған. Оның тыныс алу жолдары зақымданып, беті, екі қолы мен денесі күйген. 23 жастағы әріптесінің де қолдары, аяқтары мен денесін күйік шалып, қазір дәрігерлердің бақылауында жатыр. Мамандар өрттің шығу себебін анықтап жатыр.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға қорғаныш орман екпелері дистанциясының қызметкерлері бөшкедегі отынды басқа ыдыстарға құйып жатқан кезде болған. Бір сәтте жанармай тұтанып, жалын жұмысшыларға шарпыған.

"Қазір комиссия құрамы бекітілді. Мемлекеттік еңбек инспекторының төрағалығымен жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру басталады", – деді Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің облыстық департаменті басшысының орынбасары Талғат Исқарин.

Тергеп-тексеру 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Ведомство өкілдерінің айтуынша, оның қорытындысы бойынша оқиғаның себептері туралы тұжырым жасалады.

Көкшетауда тағы бір жұмысшы зардап шекті. Ол баспалдақ аралығындағы ашық кеңістікке құлап, бірнеше ауыр жарақат алған. Еңбек инспекциясы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, көктайғақ болады". Еліміз бойынша 16 қазанға арналған ауа райы болжамы

Тоқаев Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

Қазақстанда 2027 жылдан бастап бірқатар әлеуметтік төлемді арттыру жоспарланып отыр

"Көктайғақ болып, үсік жүреді". Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Астанада оншақты JAC көлігін сатқан автосалон менеджері түскен ақшаны кассаға өткізбей, өз пайдасына жаратқан