Қазақстандық он адам мемлекетке 7 млрд теңгеден астам қаражат төлеуге міндеттелді: олар не істеген

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қазақстандық он адам ірі көлемде темекі өнімдерінің контрабандасымен айналысқаны үшін сотталған. Алайда прокурорлар істі қарау кезінде жіберілген олқылықты анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылғы 16 қазанда таратылған мәліметке сәйкес, он адам 2024 жылғы қаңтар мен тамыз аралығында темекі өнімдерін кедендік бақылаудан тыс, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы бірнеше рет өткізген. Тауардың жалпы құны 7,3 млрд теңгені құраған.

"Сот үкімімен кінәлілер экономикалық контрабанда үшін сотталған. Алайда мемлекетке келтірілген залал өндірілмей қалған", – деп мәлімдеді қадағалау органы.

Осыған байланысты Кассациялық сотқа тиісті наразылық келтірілген.

"Наразылықты қарау нәтижесінде Кассациялық сот сотталғандардан мемлекет кірісіне ортақ тәртіппен 7,3 млрд теңгеден астам қаражат өндіріп алу туралы шешім шығарды. Осылайша, қылмыстық әрекеттен түскен қаражаттың бюджетке қайтарылуы қамтамасыз етілді", – деп атап өтті Бас прокуратура.

Осыған ұқсас жағдай тағы бір қазақстандыққа қатысты болған. Ол заңсыз қамқорлық көрсетіп, миллиондаған теңге тапқан. Ер адам сотталғанымен, заңсыз табысы тәркіленбеген. Прокуратураның наразылығы бойынша Кассациялық сот одан мемлекет кірісіне 12 млн теңге өндіріп алу туралы шешім шығарған.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, көктайғақ болады". Еліміз бойынша 16 қазанға арналған ауа райы болжамы

Тоқаев Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

Қазақстанда 2027 жылдан бастап бірқатар әлеуметтік төлемді арттыру жоспарланып отыр

Астанада оншақты JAC көлігін сатқан автосалон менеджері түскен ақшаны кассаға өткізбей, өз пайдасына жаратқан

"Көктайғақ болып, үсік жүреді". Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды