Қар мен жаңбыр жауып, тұман түседі, көктайғақ болып, найзағай ойнайды және –7°С-қа дейін үсік жүреді.
Синоптиктердің нақтылауынша, тек Ұлытау облысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
"Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), елдің шығысы мен оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қар, батысында жаңбыр жауады. Республика бойынша тұман, елдің шығысында көктайғақ күтіледі. Батыста найзағай ойнайды. Түнде оңтүстік пен оңтүстік-шығыста –1…–7°С-қа дейін үсік жүреді", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.
Метеорологтардың мәліметінше, ауа температурасы мынадай болады:
- Батыста күндіз негізінен +18…+25°С болады. Солтүстік-батыста түнгі температура 0…+5°С-тан –1…–6°С-қа дейін, күндіз +13…+18°С-тан +15…+20°С-қа дейін ауытқиды.
- Солтүстікте түнде 0…+5°С-тан –1…–6°С-қа дейін, күндіз +6…+12°С-тан +12…+17°С-қа дейін өзгереді.
- Орталықта күндіз негізінен +10…+20°С болады.
- Шығыста түнгі температура 0…+5°С-тан –1…–6°С-қа дейін ауытқиды. Күндіз негізінен +3…+12°С, таулы аудандарда –2°С болады.
- Оңтүстікте түнде +2…+7°С, күндіз +18…+25°С күтіледі.
- Оңтүстік-шығыста күндіз +10…+18°С, таулы аудандарда +3…+8°С болады.
Бұған дейін синоптиктер Қазақстанда 2026 жылғы қарашада ауа райы қандай болатынын айтқан еді. Болжамға сәйкес, республиканың бүкіл аумағында ауаның орташа айлық температурасы нормадан 2°С жоғары болады.