Қазақстанда жүргізушілік емтихандар жеке автодромдарда да қабылдануы мүмкін

Фото: pexels
Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев депутаттық сауалға берген жауабында жүргізушілік емтихандарды жеке автодромдарда өткізу мүмкіндігі туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның сөзінше, емтихан қабылдау және жүргізуші куәлігін беру жөніндегі қолданыстағы қағидалар жеке автодромдарда мемлекеттік емтихан өткізуге мүмкіндік бермейді.

"2027 жылғы 1 қаңтардан бастап автомектептерді хабарлама негізінде жұмыс істеуден рұқсат алу тәртібіне көшіру көзделген. Материалдық-техникалық базаға қойылатын талаптарды орындаған автомектептер тиісті тізілімге енгізіледі. Ал жеке автодромдарда емтихан қабылдау үшін бірқатар мәселені бөлек пысықтау қажет. Атап айтқанда, бірыңғай техникалық және қауіпсіздік талаптарын, емтихан өткізу, бейнебақылау жүргізу және нәтижелерді мемлекеттік цифрлық жүйеде тіркеу тәртібін белгілеу керек", – делінген министрдің жауабында.

Мәдиевтің айтуынша, осы мәселелер пысықталғаннан кейін нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізу мүмкіндігі қарастырылады.

Бұған дейін Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу емтихандарын қашықтан тапсыру мүмкіндігін енгізу жоспарланып отырғанын жазған едік.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, көктайғақ болады". Еліміз бойынша 16 қазанға арналған ауа райы болжамы

Тоқаев Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

Қазақстанда 2027 жылдан бастап бірқатар әлеуметтік төлемді арттыру жоспарланып отыр

Астанада оншақты JAC көлігін сатқан автосалон менеджері түскен ақшаны кассаға өткізбей, өз пайдасына жаратқан

"Көктайғақ болып, үсік жүреді". Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды