+25°С-тан -18°С-қа дейін, қар аралас жаңбыр мен боран: Қазақстанда қыста ауа райы қандай болады

Фото: Zakon.kz
"Қазгидромет" РМК мамандары жылдың суық жартыжылдығына арналған консультативтік маусымдық ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оған сәйкес, 2026 жылғы қараша мен 2027 жылғы наурыз аралығында Қазақстанда ауа температурасы +25°С-тан -18°С-қа дейін құбылып, жаңбыр, қар және жылбысқы қар жауады деп күтілуде.

2026 жылғы қараша

Алдын ала болжам бойынша, 2026 жылғы қараша жылы әрі жауын-шашынды болады. Ауа температурасы климаттық нормадан 2 градус жоғары болады деп күтілуде.

"Жауын-шашын ең көп елдің солтүстік-батыс, солтүстік, солтүстік-шығыс және шығыс өңірлерінде, сондай-ақ оңтүстік-шығыстың шығыс бөлігі мен таулы аудандарында күтіледі. Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын аралас сипатта болады: жаңбыр, қар және жылбысқы қар жауады. Солтүстік және шығыс өңірлерде негізінен қар жауады, тек айдың басында қар аралас жаңбыр болуы мүмкін", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

Бұдан бөлек, елдің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болып, жел екпіні күшеюі мүмкін. Боран негізінен республиканың солтүстік жартысында күтіледі.

Айдың басында елдің басым бөлігінде ауа температурасы жоғарылайды:

Ал батыс және оңтүстік-батыс өңірлерде, керісінше, ауа температурасы түнде -7…0°С-қа, күндіз 0…+5°С-қа дейін төмендейді. Осы өңірлердің оңтүстігіндегі метеостанцияларда түнде -2…+3°С, күндіз +3…+10°С болады деп күтіледі.

Айдың екінші және үшінші онкүндіктерінде ауа температурасы тұрақсыз болып, жиі құбылады:

Алайда жекелеген күндері елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында түнгі ауа температурасы -18…-10°С-қа дейін төмендеуі мүмкін.

Жауын-шашын мөлшері:

2026 жылғы желтоқсан

Желтоқсанда республиканың бүкіл аумағында ауаның орташа температурасы нормадан 2 градус жоғары болады деп күтіледі.

Жауын-шашын мөлшері:

2027 жылғы қаңтар

Қаңтарда ауаның орташа температурасы:

Жауын-шашын мөлшері:

2027 жылғы ақпан

Ақпанда ауаның орташа температурасы:

Жауын-шашын мөлшері:

2027 жылғы наурыз

Наурызда республиканың бүкіл аумағында ауаның орташа айлық температурасы нормадан 2 градус жоғары болады деп күтіледі.

Жауын-шашын мөлшері елдің барлық аумағында нормаға жуық болады деп болжанады.

"Консультативтік маусымдық болжамға сәйкес, 2026–2027 жылғы қыс салыстырмалы түрде жылы, жауын-шашын мөлшері қалыпты болады деп күтіледі. Алайда елдің солтүстік-батысындағы, солтүстігіндегі, солтүстік-шығысындағы және Орталық Қазақстандағы жекелеген аудандарда жауын-шашын мөлшері климаттық нормадан асуы мүмкін. Республиканың кей жерлерінде боран соғып, жел екпіні күшейеді. Көктайғақ болып, тұман түсуі де ықтимал. Сондай-ақ қыс бойы ауа температурасы жиі құбылып, соның әсерінен қар жамылғысының бетінде мұз қабыршағы түзілуі мүмкін", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстанда күздің соңғы айында ауа температурасы +23°C-қа дейін көтеріліп, алғашқы борандар соғатынын хабарлаған еді.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандықтар Республика күнінде қалай демалады

Ресейдегі маймыл шешегі: Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеме жасады

Бублик пен Рахмонов Алматыда көз арбасу өткізді

Батыс Қазақстан облысында мұғалім 4 млн теңгеден астам қарызын бөліп төлеуге мүмкіндік алды

2027 жылғы жәрдемақылар: eGov Mobile қосымшасында отбасылардың әл-ауқатын бағалау калькуляторы пайда болды