Жарияланған күнтізбеге сәйкес, қасиетті Рамазан айы 8 ақпанда басталады. Ал Қадір түні 5 наурыздан 6 наурызға қараған түнге сәйкес келеді.
Қазақстандықтар Ораза айт мерекесін 9 наурызда, ал Құрбан айтты 16–18 мамыр аралығында атап өтеді.
2027 жылға арналған діни күндер күнтізбесі
Сурет: Instagram/muftyat.kz
ҚМДБ хижра күнтізбесі бойынша айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының деректері негізінде анықталғанын түсіндірді.
"Жаңа айдың көрінуіне байланысты діни мерекелердің нақты күндері бір күнге ілгері немесе кейін жылжуы мүмкін", – деп мәлімдеді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы.
Қазақстанда 2026 жылы Рамазан айы, Ораза айт және Құрбан айт қай күндерге сәйкес келгенін мына жерден біле аласыздар.