Шарында сирек кездесетін кәмшат фототұзаққа түсіп қалды – видео

Сурет: Instagram/qazfwc
Алматы облысындағы еліміздің ең танымал әрі туристер көп баратын табиғи көрікті орындарының бірінде орнатылған фототұзақ сирек кездесетін өзен кәмшатын түсіріп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 20 қазанда Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті хабарлады.

"Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген ортаазиялық өзен кәмшаты (Lutra lutra seistanica) фототұзаққа түсті", – делінген хабарламада.

Фототұзақ арқылы алынған кадрлар мамандарға кәмшаттың табиғи ортадағы тіршілігін бақылауға, таралу аймағын зерттеуге және сирек кездесетін жануарды қорғау шараларын жоспарлауға мүмкіндік береді.

Өзен кәмшаты – тіршілігі су ортасымен тығыз байланысты сирек кездесетін сүтқоректі. Ол негізінен өзендер мен өзге де су айдындарының жағалауын мекендейді. Сондықтан бұл аумақтардың табиғи қалпын сақтау кәмшаттың тіршілігі үшін аса маңызды.

2026 жылғы 19 қазанда Қазақстан, Ресей және Қытай шекаралары түйісетін тұстағы Оңтүстік Алтай тау жотасында қар барысына алғаш рет спутниктік қарғыбау тағылып, ат қойылғаны белгілі болды.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

-7 градусқа дейін үсік, көктайғақ екпінді жел: қай өңірлерде ескерту жасалды

Астана әуежайында жолаушыларды биометрия арқылы сәйкестендіру жүйесі енгізілмек

Солтүстік Қазақстан облысында көлік аударылып, үш әйел зардап шекті

Ақтауда Land Cruiser жүргізушісі екі адамды қағып кетті

Қазақстанда қайырымдылықтың бірыңғай цифрлық ресурсы құрылады