Қытайдан Еуропаға дейін: Қазақстанда қандай жаңа әуе рейстері ашылады

Сурет: magnific
Қазақстанның көлік вице-министрі Талғат Ластаев 2026 жылғы 20 қазанда Астанада өтіп жатқан Aviation Security Week іс-шарасы аясында алдағы жылдары халықаралық әуе бағыттарының санын 160-қа жеткізу жоспары туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

БАҚ өкілдері Қазақстаннан қай елдерге жаңа рейстер ашылатынын және алдағы жылдары ұшу бағыттары қалай кеңейетінін сұрады.

"Біз талдау жүргіздік. Қазақстаннан орындалатын әуе бағыттарының санын 160-қа жеткізгіміз келеді. Алайда ол үшін қажетті инфрақұрылым болуы керек. Бұл – әуежайлар, ұшу-қону жолақтары және әуе кемелері паркі. Еуропаға рейстерді көбейтіп, еуропалық қалалармен әуе қатынасын дамытуымыз қажет. Сондай-ақ көпшілік айтып жүрген АҚШ бағыты және Оңтүстік-Шығыс Азия бар. Қытайға рейстер санын арттыру бағдарламасы да әзірленген", – деді вице-министр.

Оның айтуынша, алғашқы кезеңде Қазақстаннан Қытайдың 30 қаласына ұшу мүмкіндігін қарастыру жоспарланып отыр.


"Үндістанға да рейстер санын міндетті түрде арттыруды жоспарлап отырмыз. Үндістан – бізден аса алыс емес жерде орналасқан, өте қарқынды дамып келе жатқан алып нарық. Транзиттік тасымалды жүзеге асыру үшін Үндістанның 10 қаласымен әуе қатынасын орнатуды көздейміз. Түркиямен және Ресеймен де рейстер санын көбейтеміз. Нақты бағыттар мен қалалар белгіленген. "500+" бағдарламасы бар. Ол Ресейдің халқы 500 мыңнан асатын, көбіне шекараға жақын орналасқан қалаларын қамтиды. Біз бұл қалалармен әуе қатынасын орнатуға тиіспіз. Осы бағдарламалардың бәрі бар", – деді Талғат Ластаев.

Журналистердің Еуропамен әуе қатынасы қашан кеңейетіні туралы сұрағына жауап берген вице-министр бұл жұмыс кезең-кезеңімен жүргізілетінін түсіндірді. Жыл сайын бірнеше жаңа рейс ашу жоспарланып отыр.

Бұған дейін Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей рейстерді іске қосу мерзімі неліктен кейінге шегерілгені белгілі болған еді.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

-7 градусқа дейін үсік, көктайғақ екпінді жел: қай өңірлерде ескерту жасалды

Астана әуежайында жолаушыларды биометрия арқылы сәйкестендіру жүйесі енгізілмек

Қазақстанда қайырымдылықтың бірыңғай цифрлық ресурсы құрылады

Threads арқылы концерт билеттерін сатқан: астаналық жігіт алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

Қанат Құлшыманов президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры болып тағайындалды