Жобада мұнай өнімдерінің көтерме бағасы өскен кезде қолданылатын өзгермелі қосымша акциздің үлесін 95%-дан 50%-ға дейін төмендету ұсынылған.
Бұл 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін қолданыста болған тәртіпке қайта оралуға мүмкіндік береді.
Өзгерістердің мақсаты – мұнай өндіруші ұйымдардың экономикалық тиімділігін арттыру, сондай-ақ саладағы кәсіпорындарды дамыту мен жаңғыртуға инвестиция салу мүмкіндіктерін кеңейту.
Күтілетін нәтижелерге 2027 жылғы қаңтарда қол жеткізу жоспарланған.
Жоба "Ашық НҚА" порталында жарияланды. Қоғамдық талқылау 2026 жылғы 5 қарашаға дейін жалғасады.
Бұған дейін Қазақстанда белгіленген шекті бағадан жоғары бағамен сатылатын бензин мен дизель отынына акциз есептеу қағидалары өзгертілгенін хабарлаған едік.