Қазақстанда балаларға неврологиялық көмек көрсетудің жаңа стандарты әзірленді

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі балаларға неврологиялық көмек көрсетуді ұйымдастырудың жаңа стандартын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жаңа стандарт медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған.

Құжатта меншік нысанына қарамастан, емханаларда, ауруханаларда және күндізгі стационарларда балаларға неврологиялық көмек көрсетуге қойылатын бірыңғай талаптар қарастырылған.

Министрліктің түсіндіруінше, құжаттың негізгі қағидаты – баланың дәрігерге алғаш қаралуы мен диагнозын анықтаудан бастап, мамандандырылған ем алуына, дәрігер бақылауында болуына және оңалтудан өтуіне дейінгі барлық кезеңде үздіксіз медициналық көмекпен қамтылуын қамтамасыз ету.

Неврологиялық бұзылыстарды ерте анықтауға ерекше назар аударылады. Уақытылы диагностика мен дұрыс таңдалған ем асқыну қаупін азайтып, баланың одан әрі дамуына қолайлы жағдай жасауға көмектеседі.

Сондай-ақ жаңа стандарт емханалар, стационарлар және оңалту қызметтері арасындағы өзара байланысты жақсартуды көздейді. Бұл баланың емдеудің әр кезеңінде қажетті көмекті жүйелі түрде алуына мүмкіндік береді.

Ата-аналар үшін медициналық көмек алу тәртібі түсініктірек болып, баланы емдеу мен оңалту жұмыстары бірізді әрі жүйелі ұйымдастырылады.

Министрліктің мәліметінше, жоба 2026–2030 жылдарға арналған балалардың денсаулығын сақтау жүйесін жетілдіру жөніндегі "Бастау-2030" жоспары аясында әзірленген.

Жаңа стандарт қабылданғаннан кейін мәліметтерді тіркеу, есепке алу және жаңартудың бірыңғай тәртібі белгіленіп, олардың дұрыстығы мен дербес медициналық деректердің қорғалуы қамтамасыз етіледі деп күтілуде.

Құжат "Ашық НҚА" порталында 5 қазанға дейін қоғамдық талқылауға ұсынылған.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда алғашқы қар жауып, күн -4°C-қа дейін суытады

21 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Қалың қар жауып, бұрқасын жүреді". Еліміз бойынша 22 қазанға арналған ауа райы болжамы

2027 жылдан бастап АӘК беру мөлшері мен шарттары бекітілді

"Қыстың жақындағаны сезіледі": Қазақстанда ауа температурасы -10°C-қа дейін төмендейді